"Балаға туылмай жатып киім-кешек алу - жаман ырым" дейді. Сол рас па?
"Балаға туылмай жатып киім-кешек алу - жаман ырым" дейді. Сол рас па?
6 жыл бұрын 8576

Ассаламу алейкум! «Әлі дүниеге келмеген балаға киім-кешек алу - жаман ырым» дейді. Шариғи тұрғыдан негізі бар ма? Жеңіс

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ондай ырымның шариғатта негізі жоқ. Ата-ана әлі дүние есігін ашып үлгермеген сәбиге қажетті керек-жарақтарын алдын-ала дайындап қоюына болады. Барлық нәрсе - Алланың қолында. 

«Алла - барлық нәрсенің жаратушысы. Және Ол – барлық нәрсеге қамқоршы». 

(Құран Кәрім, "Зүмәр" сүресі, 62 аят). 

Абдусамат Қасым