Атастырылған екі жастың үйленуі міндет пе?
Атастырылған екі жастың үйленуі міндет пе?
8 жыл бұрын 6457

Сұрақ: Ассалаумағалейкум! Қазақта қыз-бен жігітті атастыру деген салты бар екенін үлкендерден естіп жатамыз. Атастырылған қыз бен жігіт міндетті түрде үйленуге тиіс пе? Жолдас.

Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Менің сұрағым: Бала кезінен атастырып қоюға бола ма? Мысалы, менің ұлыма жолдастарымыздың қызын алып береміз, болашақта құда боламыз деп айтып жүреміз. Кейде «біздің келін» деп көргенде айтамыз. Бірақ, жақында олай айтуға болмайтындығын естідім (қалжындап болса да). Осы дұрыс па? Айгүл.

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Таныстығы, білістігі, жолдастығы бар кісілер бір-бірінің ұл-қызын үйлендіруге күні бұрын келісіп, уағдаласуын қазақта «атастыру» деп атайды. Мұндай келісім ұл мен қыздың жас шағында, тіпті бесіктегі кезінде жасала берген. Екі жастың берік отбасын құруын мақсат етуден туындаған салт. Оның күнәсі жоқ. Бірақ, бұл атастырылған қыз бен жігіт міндетті түрде үйленсін деген сөз емес. Шариғатта екі жастың ризалығы мен келісімі – некедегі басты шарт. Сондықтан да, атастырылған екі жас үйленетін шаққа жеткенде өз қалауынша шешім қабылдайды: қаласа үйленеді, қаламаса үйленбейді. 

Абдусамат Қасым