Шариғат бойынша бөлелер некелесе ала ма?
Шариғат бойынша бөлелер некелесе ала ма?
7 жыл бұрын 19438

Әссәләмуғалейкум! Бөлелердің некесі қиыла ма? Соны сұрайын деп едім. Екі бөлелер үйленгелі жатыр. Екі әпкелі-сіңлілердің балалары. Солардың некелерін қидырса бола ма? Шариғат осындай жағдайға қалай қарайды? Марат

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Әпкелі-сіңлілі адамдардың балаларын "бөле" дейді. Шариғат бойынша, бөлемен некелесу - неке кедергілеріне жатпайды. Сол себепті, некелесулеріне рұқсат. Бірақ, міндетті емес. Сондықтан да, мұндай мәселеде жергілікті салт-дәстүр мен менталитетті назарға ала отырып шешім қабылдаған абзал.  

Неке кедергілері жайында мына бір сілтемені оқып көрсеңіз болады: http://islam.kz/kk/questions/januya/neke/sharigat-boiynsha-kimdermen-nekelesuge-bolmaidy-67/
Абдусамат Қасым