Отыз бес жыл бұрын қиылған некеде мәһір айтылмаған екен. Неке дұрыс па?
Отыз бес жыл бұрын қиылған некеде мәһір айтылмаған екен. Неке дұрыс па?
8 жыл бұрын 8422

Әссәләмуғалейкум! Некенің үшінші шарты - маһр төлеу. Неке қиюшы адам некенің ол шартын ұмытып кетіпті. Неке дұрыс па? Неке болып санала ма? Неке 35 жыл бұрын қиылған. Ол кездегі діни жағдайы бәріне белгілі.

Ақеділ.

Уағалейкум әссәләм! Егер некелері өзара ризалықпен, күәгерлердің көзінше қиылған болса және араларында жақын туыстық, құдандалы туыстық[1], сүт бауырлық, өзгенің некесіндегі әйел сияқты шариғи тұрғыда неке кедергілері болмаса, қиылған некелері дұрыс. Бірақ, «мәһр» айтылмағандықтан, «мәһр мисл» берілуі тиіс. «Мәһр мисл» дегеніміз – қыздың туыстары арасында қай жағынан алғанда да өзіне тең келер әйелдерге берілген мәһрдің көлемі[2].

Дегенмен, сол кезеңде берілген "қалың малды" (егер қалың малдың мөлшері қыз тарапынан белгіленіп, қыздың рұқсатымен жасауына т.б. жұмсалған болса) «мәһр» ретінде есептеуге болады деген ойдамыз. Ең дұрысы – Аллаға аян! 


[1] Қыз алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар (адамдар). Қ.Ә.С.;  құдалық арқылы дос, жолдас болған адамдар. (مُصَاهَرَةٌ - вступление в родственные отношения путём брака)
[2] Имам Маусули: Ихтияр - 2/126 бет.

Абдусамат Қасым