"Неке қиып алып, кездесіп тұрайық" дейді. Бұлай істеу дінге қайшы ма?
"Неке қиып алып, кездесіп тұрайық" дейді. Бұлай істеу дінге қайшы ма?
7 жыл бұрын 11360

Әссәләмуғалейкум! Бір ажырасқан айел бар еді. Ол да (кешіріңіздер) қатынас керек болуына байланысты «мешіт некесіне тұрып, кездесіп тұрсақ» деп жатыр. Ол қалай екен дінімізде? Анон.

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Шариғатқа қайшы үйлену мен шариғатқа сай үйленудің ара жігін айыратын нәрсе – дабыл қағып, жария ету», - деген.

Сіздің айтып тұрғаныңыздай жасау дұрыс емес. Әдеттегідей, белгілі түрде үйленіп, бірге отау құру керек. Неке қиып алып, жасырын кездесіп тұруды өз басым «азаматтық некеден» (гражданский брак) айырмашылығы шамалы деп есептеймін. Неке – өмірлікке қиылады. Сіздер оны уақытша қимақшысыздар. Уақытша қиылған неке – неке емес. «Фасид неке»үкімінде*


*Ханафи мәзхабында және өзге мәзхаб ғұламаларының назарында уақытша неке «фәсид неке» үкімінде. Яғни, қиылған неке шариғат тұрғысынан неке болып саналмайды.

Некенің шарттары жайында қосымша мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз: http://islam.kz/kk/questions/januya/neke/nekenin-nendei-sharttary-bar-187/#gsc.tab=0 
  
Абдусамат Қасым