Келісілген мәһрді басқа затқа ауыстырсам бола ма?
Келісілген мәһрді басқа затқа ауыстырсам бола ма?
9 жыл бұрын 8942

Келісілген мәһрді басқа бір затқа ауыстырсам бола ма? Мысалы, мәһр ретінде компьютер берілетін болып келіссе, кейіннен қыз оны басқа бір затқа ауыстыруды талап ете ала ма?

Бұндай кезде күйеуінің келісімі маңызды. Егер, күйеуі орнына басқа бір зат беруге келісіп жатса, онда рұқсат. Өйткені, Құран Кәрімде, Ниса сүресінде: «...Мәһр бекітілгеннен кейін, өзара келіскен нәрселеріңде күнә жоқ...», - делінген[1].
Келіспеген жағдайда бастапқы уәделесу бойынша беріледі. Аллаһу аъләм.  

 

[1]Ниса сүресі, 24-аят. وَلَا جُنَاحَ عَلَيْكُمْ فِيمَا تَرَاضَيْتُم بِهِ مِن بَعْدِ الْفَرِيضَةِ
*Мәһр ретінде қандай заттар берілуі керек екендігі жайында мына сілтемеден оқи аласыз:  http://www.islam.kz/kk/questions/januya/neke/buhari-men-muslimnin-hadister-jinagyn-mahr-retinde-surauga-bola-ma-77/#gsc.tab=0 )

Абдусамат Қасым