Жолдасымнан мәһр (неке сыйы) ретінде қажылыққа апаруын сұрасам бола ма?
Жолдасымнан мәһр (неке сыйы) ретінде қажылыққа апаруын сұрасам бола ма?
7 жыл бұрын 5694

Әссаләмуғалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ

Мәһрге қажылыққа апаруын сұрауға бола ма? Кәусар.

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құран Кәрім, Ниса сүресі 24 аятында: «...Бұлардан өзгелерді нәпсі әуестік жолмен емес, мал беріп алуларыңа рұқсат..»[1], – дей келе Жаратушымыз «мәһр ретінде» мал-мүлікке жататын заттарды ғана беруімізді бұйырып тұр. Қажылық сапары мал-мүлік боп саналмайтындықтан мәһр ретінде есептелмейді[2].

Мәһрдің шарттары жайында мына бір сілтемеге кіріп оқи аласыз: http://islam.kz/kk/questions/januya/neke/mahrdin-neke-syiy-qandai-sharttary-bar-683/ 

[1] Ниса – 24аят.
[2] Әл-Кәсәни: Бәдәиғ – 3/491 бет.

Абдусамат Қасым