Христиан дініндегі қызбен үйленген кезде неке күәгерлері де сол діннен болса, неке дұрыс бола ма?
Христиан дініндегі қызбен үйленген кезде неке күәгерлері де сол діннен болса, неке дұрыс бола ма?
13 күн бұрын 1498

Христиан дініндегі қызбен үйленген жағдайда неке күәгерлері де сол діннен болса, неке дұрыс па?

Құрметті сауал жолдаушы, мұсылман қыз бен жігіттің неке куәгерлері де тек мұсылман болулары керек. Өзге діндегілердің мұсылман екі жастың некелеріне күәлік етулері есептелмейді. Алайда, үйленетін жігіт мұсылман болып, болашақ жары кітап иелерінен болса (христиан, әһуди немесе сәбий), онда неке күәгерлерінің де әһли кітаптан болуларының ағаттығы жоқ. Неке дұрыс болып саналады. Бұл - Әбу Ханифа мен Имам Әбу Юсуфтың тоқтамы. (Имам Кәсәни: "әл-Бәдәиъ").

Осы тұрғыда айта кетелік, мұсылман ер адамдарға әһли китаптан қыз алуға рұқсат етіледі. Әйтсе де, мұсылман әйел кісіні таңдағаны абзалырақ саналған. Бұл жайында толығырақ "Өзге діндегі қызды жар ретінде алуға бола ма?" атты жазбаны оқысаңыз болады.

 

Абдусамат Қасым