Ғашықтықтың шырмауынан қалай құтылуға болады?
Ғашықтықтың шырмауынан қалай құтылуға болады?
6 жыл бұрын 7228

Негізі, ғашықтық деген ең ауыры сияқты. Қатты байланып қалған сияқтымын. Не істесем болады? Ахыретімді сағындым. Аноним.  

Құранда: «Алланы еске алу арқылы жүректерің жай табады», - делінген. (Рағд сүресі, 28 аят). Одан өзгені ойлай берсек, керісінше жүрек мазасызданады. 

Сондықтан да, «Алладан басқа тәңір жоқ» (лә иләһә иллалЛаһ), «барлық мақтау бір Аллаға тән (әлхамдулиллаһ)», «Алла - ең ұлық (Аллаһу әкбар)» деген зікірлерді күнде көптеп айтып тұрыңыз.

Одан бөлек, әр намаздан соң: «Я, муқаллибәль қулуб» – Ей, жүректерді құбылтушы Алла! «Сәббит қалби аля диник» – Жүрегімді дініңе берік еткейсін! - деп дұға жасауды да ұмытпаған жөн. 

Абдусамат Қасым