Діні бөтен еркекке тұрмысқа шыққан мұсылман әйелдің жаназасы оқыла ма?
Діні бөтен еркекке тұрмысқа шыққан мұсылман әйелдің жаназасы оқыла ма?
22 күн бұрын 3221

Ассаляму алейкум! Мұсылман әйел өзге дін өкіліне тұрмысқа шыққан жағдайда жаназасы оқылмай ма? Әлде күнәһар ретінде саналып, жаназасы оқыла бере ме? Нурлыбек Сабыргалиев

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

1. Бүкіл Ислам ғалымдары бір ауыздан мұсылман әйелдің мұсылман емес еркекке тұрмысқа шығуын харам деп санап, қиған некелері шариғи тұрғыда саналмайды деп есептеген. Өйткені Құранда ашық түрде былай дейді:

 وَلَا تُنْكِحُوا الْمُشْرِكِينَ حَتَّى يُؤْمِنُوا

«Мұсылман болғанша, мүшриктермен мұсылман әйелдерді үйлендірмеңдер"[1].  

Қайтыс болған жағдайда жаназасы шығарыла ма? 

2. Діні бөтен еркекке тұрмысқа шыққан мұсылман әйел, егер өзін мұсылман санап, Алладан басқа құдай жоқтығына сеніп, Мұхаммед пайғамбарды пайғамбарым десе, әрі діні бөтен еркекке тұрмысқа шығудың харамдығын жоққа шығармаса, ол мұсылман болып қала береді. Қайтыс болған жағдайда, мұсылманша жуылып, кебінделіп жаназасы оқылады, әрі мұсылман мазаратына жерленеді. 


[1] Бақара сүресі, 221 аят.

Абдусамат Қасым