Үйдегі тұрмыстық құрал-жабдықтардағы суреттерге де періштелер кірмей ме?
Үйдегі тұрмыстық құрал-жабдықтардағы суреттерге де періштелер кірмей ме?
5 жыл бұрын 12572

Ассаламуғалейкум! Біздің үйде жандылардың суреттері бар. Мәселен, кеселерде, кітаптарда, терезе жуатын т.б. заттар көп. Ол заттардың жауып қою керек пе? Ата-анама айтқанмын ондай болмайды деп, бірақ... Жанды заттың суреті бар үйге рахмет періштесі кірмейді дейді, не істесе болады?  Еламан.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

"Қадірсіз етіп көрсететін жерлердегі суреттер - періштенің кіруіне кедергі келтірмейді" делінген кітаптарда. Мәселен Ханафи ғалымы Ибн Ғабидин бұл мәселені талқылай келе: "Сурет, егер  төселген төсеніште орын алса, қадірсіз болады, сол себепті періштелердің үйге кіруіне кедергі келтірмейді" дейді ол (р.а.)[1]. Өйткені, жерге төселген кілем не паласты аяқпен басамыз, ал жастықты жастанып жатамыз, не оған сүйенеміз, сол себепті ондағы суретті қадірсіз деп отыр.   

Осыдан келіп, су сабын, ұнтақ (порошок), ыдыс жуғыш сабын, ыдыс-аяқ, жастық, төсеніш, жапқыш сияқты тұрмыстық заттардың сыртындағы суреттер періштелердің кіруіне кедергі емес деуге негіз бар. Себебі, мұндай заттардағы суреттер қадірсіз.

Бірақ, ондағы сурет намаз оқушының алдында тұрса, мәкруһ болатындығын қаперде ұстаған жөн. 


[1] Ибн Ғабидин: Раддуль Мухтәр. 2/419 бет.

Абдусамат Қасым