Тауықтың қиын тыңайтқыш ретінде қолдануға бола ма? Одан өскен көкөніс халал ма?
Тауықтың қиын тыңайтқыш ретінде қолдануға бола ма? Одан өскен көкөніс халал ма?
8 жыл бұрын 7123

Әссәләмуғалейкум! Тауықтың, малдардың және т.б. хайуандардың қиын тыңайтқыш ретінде қолданып, одан өскен көкөністерді жеудің еш ағаттығы жоқ па?  Марат Шәдібаев

Уағалейкум әссәләм! Мәзхаб ғалымдарының басым көпшілігі хайуандардың қиын тыңайтқыш ретінде қолдануға қарсы емес. Және одан кейін өскен көкөністерді де таза деп есептейді. Неге десеңіз, топыраққа төгілген қи (навоз) жерді тоңазытып, құнарлылығын арттырғаны болмаса, өскен өсімдіктің бойына сіңбейді. Бұнымен қатар, Саъд ибн Әбу Уақас (р.а.) есімді сахаба жерді адамның қиымен тыңайтқаны да кітаптарда айтылған[1].   

Осыған орай, Ханафи мәзхабында хайуандардың қиын, саңғырығын сатуға, отынға т.б. пайдалануға болады. Бірақ адамның қиы тек топырақпен арласқан күйде ғана сатылады, құр өзін сатуға болмайды[2].


[1] Әл-Мәусуғатуль Фиқһия әл-Кууетия. 25/237 бет.
[2] Раддул Мухтар – Китабул Буюғ; әл-Фәтәуәл Һиндия; Бахрур раиқ.

Абдусамат Қасым