Қайтыс болған адамды ораған кілемді не істеуге болады?
Қайтыс болған адамды ораған кілемді не істеуге болады?
1 ай бұрын 3284

Ассалаумагалейкум уа рахматтулаги уа баракатух! Менің бір сұрағым бар еді. Шариғат бойынша, қайтыс болған адамды ораған кілемді сол үйдің отбасы пайдалануға бола ма? Болмаса басқа туысқан адамына беру керек пе?  Жанбырбай.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!  

Қайтыс болған адамды ораған кілем - мархұмның балаларының меншігіндегі дүние. Олар қаласа, мархұмның атынан садақа етіп мешітке не мұқтаж жанға береді, қаласа өздері пайдаланады. Біздің елде мешітке тапсыру әдетке айналған. 

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!  

Абдусамат Қасым