«Манат» есімі "пұттың" аты дейді. Ауыстыру керек пе?
«Манат» есімі "пұттың" аты дейді. Ауыстыру керек пе?
8 жыл бұрын 14267

Сәлеметсіз бе! «Манат» деген аттың мағынасын айтып беріңізші! Бұл атты бір кісі «ауыстыр» деп еді. Ауыстыруым керек пе? Манат

Сәлеметсіз бе!

Қазақ тілінде «манат» деп, барқытқа ұқсас жұмсақ, майда түкті жүн матаны айтады[1]. 

Ал, араб тілінде болса, «мәнәт» есімі Исламнан бұрынғы жәһилия дәуіріндегі политеизм сенімін ту еткен араб жұртшылығындағы үш негізгі пұттардың бірінің атауы (ләт, узза және мәнәт). Арапша нұсқасы - «مَنَاةٌ». Ол кездегі түсінік бойынша, мәнәт пұты – қайырдың, молшылықтың, жәрдем сүйерліктің құдайы ретінде саналатын. Ислам келгеннен кейін, араб жеріндегі политеизм сенімінің тамырына балта шабылып, оның орнын монетеистік, яғни, "бір құдайлық" сенімі басты. 

Әлдекімнің есімізге қарасты «есіміңізді ауыстырыңыз» деп айтуының түп төркіні осында жатыр.

Әйтсе де, сізге аталмыш есім қазақша мағынасына орай берілген. Манат матасындай жұмсақ, мейірімді, қайырымды, мейірбан адам болсын деген мақсатта қойылған. Оның пұт есімімен еш байланысы жоқ. Сондықтан, есіміңізді ауыстыру қажет емес.

Политеизм - көп құдайшылық сенімі. Монетеизм - бір құдайшылық сенімі.


[1] Қазақ сөзінің әмбебап сөздігі

Абдусамат Қасым