Көркем мінездің сипаттары қандай?
Көркем мінездің сипаттары қандай?
6 жыл бұрын 6506

 Сәлеметсіз бе! Көркем мінез қандай сипатта болу керек? Арайлым   

Сәлеметсіз бе!

Ғұлама Абдулла ибн Мүбаракқа: "Көркем мінезді бір сөзбен түсіндіріп өтсеңіз!" делінгенде, Ол (р.а.): "Ашулануды қою" деп айтқан екен[1].


[1] Ибн Ражаб: Жәмиъуль улум уәл хикәм.
Абдулла ибн Мүбәрак (м.737-798 ж) хадисші әрі фиқһшы ғалым. Құран тәпсірі, тарих, тіл ғылымы сынды ғылымдарды жетік меңгерген ғұлама. Тақуа. Заманындағы әйгілі көптеген ғұламалардан тәлім алған. Ұстаздарының арасында Имам Ағзам Әбу Ханифа да бар. Шыққан жері қазіргі Түркменистан өңірінде орналасқан Мерв қаласы. Әкесі түрік нәсілді. Шешесі Хорезмдік. Осыған орай, Ибн Мүбаракті түркі нәсілділерден шыққан ең алғашқы дін ғұламаларының бірі деуге болады. 

Абдусамат Қасым