Кітап ұрлау күнә ма?
Кітап ұрлау күнә ма?
7 жыл бұрын 7540

Кітап ұрлауға бола ма? Кітап ұрлаудың күнәсі жоқ деп естиміз. Ерболат.

Құрметті Ерболат, «кітап ұрлауға болады» деген сөз кітап оқудың маңыздылығына назар аударту мақсатында айтылған болса керек: «Кітапты ұрлап болса да оқы» деген мағынада.

Әйтсе де, ұрлықтың аты - ұрлық. Кітап та болса, ол өз алдына мүлік болып саналады. Құран Кәрімде: «Біріңнің малыңды, бірің нақақ ( зұлымдықпен) жемеңдер...» - делінген[1]. Сондықтан да, біреудің меншігіндегі кітапты ұрлау – күнә. Ұрлауды былай қойғанда, кейде оны рұқсатсыз алудың өзі әбес қылық саналып жатады.


[1] Құран Кәрімде, Бақара сүресі, 188 аятта 

Абдусамат Қасым