Жаттау қабілетімді арттыру үшін қандай намаз немесе дұға оқысам болады?
Жаттау қабілетімді арттыру үшін қандай намаз немесе дұға оқысам болады?
6 жыл бұрын 32402

Әссәләмуғалейкум! Сұрағым: Есте сақтау қабілетім өте нашарлап кетті. Фиқһ, ақида оқысам есімнен шығып кете береді. Арнайы дұға немесе тағы басқа нәрселер бар ма, есте сақтау қабілетін арттыратын? Өтініш! Алла разы болсын. Дулат.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Дулат, Имам Тирмизидің хадис кітабында орын алған бір әлсіз хадистегі мәліметке сүйенсек (кей хадис ғалымдары бұл хадисті «жалған хадистер» қатарынан санаған), есте сақтау қабілетін жақсарту үшін Жұма түнінің ақырғы бөлігінде төрт рәкәғат намаз оқу керек екен. Дәлірек айтқанда: бейсенбіден жұмаға қараған түні.

Оның бірінші рәкәғатында «Фатихадан» кейін «Ясин» сүресі, екінші рәкәғатында фатихадан кейін «Духан» сүресі, үшінші рәкәғатында «Сәжде», ал төртінші рәкәғатында «Тәбәрак» сүресі оқылады. Соңғы отырыста «әттахият» дұғасын оқығаннан соң әдеттегідей екі иыққа сәлем беріп, намазын аяқтайды.

Одан кейін, «әлхамдуді» айтып Аллаға мадақ, Мұхаммед пайғамбар мен өзге пайғамбарларға салауат айтылады. Мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдерге, сондай-ақ, дүниеден өткен мүмин-мұсылмандарға жарылқау тіленеді. Осыдан кейін мына төмендегі дұға оқылады:

Арабша түпнұсқасы:

اللَّهُمَّ ارْحَمْنِي بِتَرْكِ الْمَعَاصِي أَبَدًا مَا أَبْقَيْتَنِي ، وَارْحَمْنِي أَنْ أَتَكَلَّفَ مَا لَا يَعْنِينِي ، وَارْزُقْنِي حُسْنَ النَّظَرِ فِيمَا يُرْضِيكَ عَنِّي .

  اللَّهُمَّ بَدِيعَ السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضِ ، ذَا الْجَلَالِ وَالْإِكْرَامِ وَالْعِزَّةِ الَّتِي لَا تُرَامُ : أَسْأَلُكَ يَا أَللَّهُ يَا رَحْمَنُ بِجَلَالِكَ وَنُورِ وَجْهِكَ أَنْ تُلْزِمَ قَلْبِي حِفْظَ كِتَابِكَ كَمَا عَلَّمْتَنِي ، وَارْزُقْنِي أَنْ أَتْلُوَهُ عَلَى النَّحْوِ الَّذِي يُرْضِيكَ عَنِّيَ .

  اللَّهُمَّ بَدِيعَ السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضِ ، ذَا الْجَلَالِ وَالْإِكْرَامِ وَالْعِزَّةِ الَّتِي لَا تُرَامُ : أَسْأَلُكَ يَا أَللَّهُ يَا رَحْمَنُ بِجَلَالِكَ وَنُورِ وَجْهِكَ أَنْ تُنَوِّرَ بِكِتَابِكَ بَصَرِي ، وَأَنْ تُطْلِقَ بِهِ لِسَانِي ، وَأَنْ تُفَرِّجَ بِهِ عَنْ قَلْبِي ، وَأَنْ تَشْرَحَ بِهِ صَدْرِي ، وَأَنْ تَغْسِلَ بِهِ بَدَنِي ، فَإِنَّهُ لَا يُعِينُنِي عَلَى الْحَقِّ غَيْرُكَ ، وَلَا يُؤْتِيهِ إِلَّا أَنْتَ ، وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ الْعَلِيِّ الْعَظِيمِ .

Қазақша оқылуы:
«Аллаһуммәрхамни битәркиль Маъаси әбәдән мә әбқайтәни. Уәрхамни ән әтәкәлләфә мәлә яънини. Уәрзуқни Хуснән нәзар фимә юрдикә анни.

Аллаһуммә, Бәдиъассәмәуәти уәль Ард. Зәль Жәләли уәль Икрам. Уәль Иззәтил ләти лә түрам: Әсәлукә, Я, Аллаһу, Я Рахману, бижәләликә уә нури уәжһикә – ән түлзимә қолби хифзо китәбикә, кәмә ъалләмтәни. Уәрзуқни ән әтлуәһу ълян нахуи әлләзи юрдикә ъанни.

Аллаһуммә, Бәдиъассәмәуәти уәль Ард. Зәль Жәләли уәль Икрам. Уәль Иззәтил ләти Лә түрам: Әсәлукә, Я, Аллаһу, Я Рахману, бижәләликә уә нури уәжһикә – ән түнәууира бикитәбикә басари. Уә ән тутлиқа биһи лисәни, уә ән түфәррижә биһи ан қолби, уә ән тәшраха биһи содри. Уә ән тағсилә биһи бәдәни. Финнәһу лә юъинуни ъляль хаққи Ғойрук. Уәл ю’тиһи иллә Әнтә. Уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһиль ъалииль ъазим»[1].  

Осылайша аталмыш тәртіпке сай үш немесе бес яки жеті жұма оқысаңыз, Алланың қалауымен есте сақтау қабілетіңіз жақсарады деген үміттемін. Іләйім солай болғай!


[1] Имам Тирмизи: Сүнән – әд-дағауат. №3570 хадис.

Абдусамат Қасым