Жайын (сом) балығын жеуге бола ма?
Жайын (сом) балығын жеуге бола ма?
2 жыл бұрын 10411

1.Әссәләмуғалейкум! Жайын (сом) балығы туралы бір жігіт сұрап еді. Соны сіздерден сұрасам деген едім. Жайын  балығы жеуге рұқсат па? Жыртқыш балық әрі өлексені де жей береді. Осыны ойлап күмәнданып қаламыз. Нұржан Сәдірбекұлы 

2.Әссәләмуғалейкум! Суда өмір сүретін балықтардың барлық түрлерін халал деп білемін. Бірақ жайын (сом) балығын теңіз шошқасы деп жататындар бар. Сол рас па? Дінмұхаммед Жүнісов. 

Уағалейкум ассәләм! Сахаба Абдулла ибн Аббастан «Жәрии» (ّالجريّ) деген балық туралы сұрайды. Сонда ғалым сахаба: «Оны (мұсылмандарға) жеудің ағаттығы жоқ. Оны Яхуди (дініндегілер) жемейді», - деп жауап берген. Тағы бір риуаятта әлгі сахаба: «...әл-Жәрииді  яхуди дініндегілер жемейді. Ал біз жейміз», - деген[1]. 

Риуаяттағы  «жәрии» сөзі қазақшадағы жайын балығының  арапша атауы болса керек. Себебі,  жайын балығын араб тілінде «Сәмәк әл-Жәрии - أسماك الجري» немесе «Қармут – قَرْمُوطٌ» яки «силләур – السِّلَّوْرُ»  деп атайды.

Бұнымен қатар, жайын - балық тектес теңіз жануары болғандықтан, халал деуге негіз бар. Балық тектес теңіз өнімдерін жеудің халал екендігінде ғалымдар арасында талас жоқ. Кейде кездескен өлексені жеуі үкімді өзгертпейді[2]. Ең дұрысы - Аллаға мəлім!


[1] Фатхул бәри, Сахих Бухари – Китабу забаих: «Бәбу Қаулиллаһи Ахалла ләкум...». (тағлиқан).  
[2] Тек мынаны ескеру керек, егер аталмыш балық көбіне өлексені жеумен қоректенетіні анықталса,  етінің дәмі немесе исі яки түсі өзгергендей болса,  тазарғанша еті желінбейді.  Оны тазартудың жолы – қалпына келгенше (түсі, иісі) тірідей таза суға жіберіп,  таза қорекпен қоректендіреді.

 

Абдусамат Қасым