Жабайы шошқаның еті харам ба?
Жабайы шошқаның еті харам ба?
6 жыл бұрын 27969

Ассалаумағалейкум! Жабайы доңыздың еті харам ба? Нұрлыбек Ильясов.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құран Кәрімдегі аятта «доңыз еті харам» деп жалпылама айтылған[1]. Бұл сөз доңыз атаулының бәрін ішіне қамтиды. Мейлі, жабайы доңыз болсын, мейлі асыранды доңыз болсын, бәрі бірдей харам деген сөз. Әрібірденсоң, аталмыш аят түскен кездегі араб қоғамында асыранды шошқаның болмағанын ескерсек, аят тікелей жабайы доңызға қатысты түскен деуге болады. Бірақ, білгіштігінде шек жоқ Алла Тағала өзінің қасиетті сөзінде «доңыз еті» деп жалпылама айтты. Өйткені, өзге жерлерде асыранды шошқалар да кездеседі. Осылайша, аят оларды да қамтыған болып отыр.


[1] Құран Кәрім, «Мәида» сүресі, 3 аят.  

Абдусамат Қасым