Ер адам өзінің фотосуретін әлеуметтік желіге қойса бола ма?
Ер адам өзінің фотосуретін әлеуметтік желіге қойса бола ма?
7 жыл бұрын 6378

Əсалəму'алəйкум! Әлеуметтік желіге ер адамға фото қоюға бола ма? Азамат Джубанишов

Уағалейкум әссәләм! 

Бұл мәселеде ер адамдарға кеңшілік бар. Қазақта «ер – тұздың адамы, әйел – үйдің адамы» дейді. Ер кісілерге көбіне жариялы болу тән. Ал, әйел кісілерге жабылып жүру, елдің көзіне көп көріне бермеу тән. Сондықтан да, әйел кісілерге өзінің әсемдігін әлемге паш етпей, лаж болса суретін қоймағаны абзал дейміз. 

Оның үстіне, нәзік жандылардың суреттерімен салыстырғанда ер адамдардың суреттерінің фитна тудыру ықтималдығы төмен деген ойдамын. Мұны әйел кісілердің оңайшылықпен бөтен ойдың жетегінде кетпейтіндігімен байланыстырса болатын шығар. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!  

Абдусамат Қасым