"Елизат" есімінің мағынасы бар ма?
"Елизат" есімінің мағынасы бар ма?
6 ай бұрын 1857

Салеметсыз бе! Менің есімім Елизат. Мағынасын білмеймін. Мен есімімді ауыстырғым келеді. Исламда есімді тек мағынасы жаман болса ғана ауыстыруға рұқсат етілген деп естідім. Елизат деген есімді ауыстырсам бола ма?

Сәлеметсіз бе!

Құрметті сауал қоюшы, есіміңіз мағынасыз емес, керісінше жақсы мағыналары бар. «Елизат» есімінің түп нұсқасы арабшадағы "әл-Ъиззәт" (العزة ) сөзі болып табылады. Ол қазақ тіліне жеңілдетіп "әлиззә" немесе "әлғизза", яки, сіздің есіміңіз секілді «Елизат» деп дыбысталуы мүмкін. Бірақ түп нұсқасы араб тіліндегі әл-Ъиззәт сөзі болып табылады.   

Мағынасы: даңқ, абырой, мақтаныш, ұлықтық деген ұғымдарға саяды.

Сондай-ақ, қазақта "Ізет" деген адам аты бар. Ізет сөзі де негізінен алып қарағанда араб тіліндегі «Ъиззәт» сөзінің қазақша өзгертілген нұсқасы. Сіздің есіміңіз бен Ізет есімі бір сөзден шыққан. Сіздің есіміңізді - Ізет есімінің алдына "әл" жалғауы (артикль) қойылған түрі деуге болады.

Абдусамат Қасым