Е476 тағамдық қоспасы халал ма?
Е476 тағамдық қоспасы халал ма?
9 жыл бұрын 95183

Ассәләмуғалейкум! Е476 халал ма? Ашып, жазып жіберсеңіздер...!  Жанар.

Уағалейкум әссәләм! Құрметті Жанар, Е476 - Полиглицерил полирицинолеат (Polyglyceryl polyricinoleate) деп аталатын тағамдық қоспаның белгісі. Ол «кенедән» атты (орыс. Клещеви́на, лат. Rícinus) өсімдік майынан жасалады[1]. Ішінде «глицерин» бар.

Глицерин (грек. glykeros –тәтті), табиғи (өсімдіктер немесе жануарлар) майларының гидролиздену реакциясы арқылы пайда болады[2]. Сондықтан, діни тұрғыдан күмәнді деп танылған[3]. Гидролиз (гидро... және грек. lysіs – айыру, ыдырау) – су мен түрлі заттар арасындағы иондық алмасу реакциясы.

Тағы бір деректе Е476 қоспасы - жануарлардан немесе өсімдіктерден яки синтетикалық жолмен өндіріледі. Сол себепті діни тұрғыда күмәнді болып табылады делінген[4]. Күмәнді деуінің себебі, аталмыш қоспа жануарлардан алынған жағдайда шариғатта "халал" деп есептелетін жануарлар түрінен алынды ма, жоқ әлде "харам" деп саналатын хайуандардан (өлексе мал, доңыз, жыртқыш т.б.) алынды ма деген мәселе қарастырылады. Ал, Е476 қоспасы нақты қайсысынан алынатынын кесіп айту қиынға соғады. Сол себепті, оны "күмәнді" категориясына жатқызып отыр.


 [1] https://kk.wikipedia.org/wiki/Кенедән
 [2] http://prodobavki.com/dobavki/E422.html
 [3] http://ahmetakgunduz.com/?tag=helal-gida; http://www.helalyeriz.com/Katkilar.jsp?c=Glycerine
 [4] http://www.helalyeriz.com/Katkilar.jsp?c=E476 

 

Абдусамат Қасым