Ашу қысқанда қандай дұға оқыса болады?
Ашу қысқанда қандай дұға оқыса болады?
4 жыл бұрын 18299

Ашуымды қалай жеңсем болады? Ашу қысқанда қандай дұға оқыса балады?

Алла елшісінің сүйікті жұбайы Айша анамыз (р.а.) былай деп әңгімелейді:

"Маған Алла елшісі келді. Мен ашулы едім. Ол мұрнымның ұшынан ұстап қысыңқырады да маған: "Ей, Айшам былай деп айтқын" деді: «Аллаһым менің күнәмді кеш! Жүрегімнің ашуын кетір! Шайтаннан құтқар!».

Дұғаның арапшасы:

اللَّهُمَّ اغْفِرْ ذَنْبِي ، وَأَذْهِبْ غَيْظَ قَلْبِي ، وَأَجِرْنِي مِنَ الشَّيْطَانِ

«Аллаһуммағфир зəнбий уә әзһиб ғойзо қолбий, уә әжирний минәш шайтан!»[1]

Демек бойын ашу қысқан адам, әуелі «Әғузу билләһи минәш шайтанир ражим» дейді де аталмыш дұғаны оқиды.


[1] Имам ән-Нәуәуи: «әл-Әзкәр».  №901 хадис.

Абдусамат Қасым