Алкогольсіз сыраны ішуге бола ма?
Алкогольсіз сыраны ішуге бола ма?
8 жыл бұрын 11172

- Алкогольсіз сыра деген сусын ел арасына таралғаны қашан. Қанша алкогольсіз болса да «сыра» дегендіктен оны ішуден тартынасың. Алкогольсіз сыраны ішуге Исламда рұқсат етілген бе? Дәурен

 

- Қазіргі таңда пайда болған "арпа суы" немесе "алкогольсіз сыра" деп аталатын ішімдікті ішуге болмайды. Өйткені, оның құрамында аз да болса алкоголь бар. Айғақ ретінде айтар болсақ,  үш  құтысын (не одан да көп мөлшерде) бірінен соң бірін ішкен адам қызып қалады. Бұнымен қатар, Сирия елінде аталмыш сусынға арнайы зерттеулер жүргізіліп, құрамында белгілі мөлшерде алкоголь бар екендігі анықталған (1000 граммға - 4 грамм алкоголь. 6 грамм алкоголь адамды мас қылуға жеткілікті.ауд.). Алла елшісі (с.а.у.) өзінің хадисінде: «Көбі мас қылатынның азы да тең дәрежеде харам», - деген*

[*Осы хадиске мағыналас бірнеше сахих риуаяттар бар. Соның бірі сахаба Абдулла ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деген: «Мас етуші (ішімдіктердің) бәрі – харам. Көп ішкенде мас ететіннің азы да  харам». Ибн Мәжә, Әшриба - №3392 хадис]. 

 Доктор Абдулмәлик ибн Абдурахман әс-Саъди

Араб тілінен ықшамдап аударған А.Қасым