Қабірде ұйықтаудың үкімі қандай?
Қабірде ұйықтаудың үкімі қандай?
3 жыл бұрын 1203

Ассалаумағалейкум! Үлкендерден «егер далада адасып қалсаң моланың касына туне» дегенді естиміз! Ал кейбір деректерде жындар моланың ішіне пана етеді деген бар. Түнеген жағдайда жын-шайтанның адамға тигізер зияны болуы мүмкін бе? Жалпы алғанда моланың басына түнеуге бола ма? Ержан

Уағалейкумуссалам, Ержан! Қабірге баруға, оны зиярат етуге рұқсат. Себебі қабір зияраты өлімді еске түсіреді дейді Пайғамбарымыз (с.а.у)[1]. Бірақ қабірдің үстін басу, қабірде отыру,  әжетін өтеу және қабірде ұйықтау «мәкрүһ» дейді ғалымдарымыз[2]. Бұған байланысты, Сахих Муслимде риуат етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у): «Әлдекімнің шоққа отырып, киімін жағып терісін күйдіріп алуы, қабірге отыруынан анағұрлым абзал»[3], - деген. Бұл хадис қабірде жатып ұйқтаудың да мәкрүһ екенін мензеп тұр. 

Алайда, сіз айтқандай айдалада адасып кеткен кісінің амал жоқ мазарға түнеуіне рұқсат. Бұл жағдайда ішінен құран сүрелерін оқып жатқаны абзал. Өйткені, бейіттер жын-шайтанның мекен ететін орындарының бірі екендігі кітаптарда айтылады[4].

[1] Мүстадрак – 1430, 1431, 1433.
[2] Бадаиғ – 2/359-бет.
[3] Муслим, Китабуль Жанаиз, 971-хадис.
[4]Доктор, Омар Сулайман әл-Әшқар: Ғаламуль Жинни уәш Шаятыни, 

Абдусамат Қасым