Періштелер ғайыпты біле ме?
Періштелер ғайыпты біле ме?
10 жыл бұрын 5942

Періштелер ғайыпқа қатысты мәліметтерді біледі ме? Арман

Ғайыпты тек Ұлы Жаратушымыз ғана біледі.  Періштелер ғайыпты білмейді. Олар Алла тағала тарапынан ғайыпқа қатысты не білдірілген болса, соны ғана біледі. Қасиетті Құран Кәрімде былай делінген:

«Алла Адам (Ғ.С.) ға біртұтас атауларды үйретті де сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: «Айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер», - деді.Періштелер: «Сен пәксің! Біздің, Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине Сен толық білуші, өте данасың», - деді. (Алла Т): «Әй Адам! Оларға, бұлардың аттарын баян ет»,- деді. Сонда (Адам Ғ.С.) оларға ол заттардың аттарын айтқан сәтте, Алла: «Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын (ғайыпты),  сендердің де көрнеу, көмес істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?»,- деді»[1].

Осы аяттан мынадай қорытынды жасауға болады:

  1. Ғайыпқа қатысты мәліметтер тек Аллаға мәлім
  2. Ғылымның артықшылығы
  3. Әлдекім сізден бір нәрсенің үкімін сұрай қалса, және оның жауабын білмесеңіз: «Аллаһу аъләм- Алла біледі»  деу. Ертеректе ғалымдарымыз: «Білмеймін  деудің өзі - жарты ғылым», - деген.

[1] Бақара сүресі: 31-33 аят.

 
 
Абдусамат Қасым