Өзге дін өкілінің әруағына арнап Құран бағыштауға бола ма?
Өзге дін өкілінің әруағына арнап Құран бағыштауға бола ма?
8 жыл бұрын 4963

Әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Айт қабыл болсын! Менің қояйын деген сұрағым: өзге дін өкіліне Құран бағыштауға бола ма? Армангүл

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құранды мұсылман болған күйі жан тәсілім еткен мархумның әруағына бағыштауға болады. Мұсылман емес, өзге дін өкілінің әруағына Құран бағышталмайды. Оған оның пайдасы жоқ. Құран Кәрімде былай делінген:  

   وَنُنَزِّلُ مِنَ الْقُرْآنِ مَا هُوَ شِفَاءٌ وَرَحْمَةٌ لِّلْمُؤْمِنِينَ ۙ وَلَا يَزِيدُ الظَّالِمِينَ إِلَّا خَسَارًا

«Біз Құраннан мүміндер үшін шипа болар, әрі мейірім-шарапат (етер аяттар) түсірдік. Ол (құран) залымдардың тек қасіретін арттырады»[1].


[1] Исра сүресі, 82-аят. 

Абдусамат Қасым