Өзге дін өкіліне жанкүйер болу күпірлік пе?
Өзге дін өкіліне жанкүйер болу күпірлік пе?
10 жыл бұрын 6293

Әссәләмуғалейкум!! Менің сұрағым: футбол ойынын көріп жатқанда өзіміздің сүйікті футболшыларға жанкүйер боламыз. Олардың көбісі басқа дін өкілдері. Яғни, өзге дін өкілдеріндегі адамдарға жанкүйерлік жасау, оларды жақсы көру күпірлік пе? Бауыржан Қуанышев

Уағалейкумсәләм! Қадірменді Бауыржан, ұстанған діні немесе өмірлік ұстанымы себепті емес, футболдағы өнеріне қызығып,  оны жақсы ойнағаны үшін ғана өзге ойыншылардан артық көруге, командасына немесе оның өзіне жанкүйерлік етуге рұқсат.  Бірақ шеттен шықпау керек.

Осы тұрғыда Пайғамбарымыздың мына хадисін де келтіре кеткенді жөн көріп отырмын. Алла елшісі өзінің бір хадисінде: «Кісі (қияметте) жақсы көрген адамымен бірге болады» деген[1].  

[1] Сахих Муслим - №2639 хадис.

Абдусамат Қасым