Кішкене күнінде қайтыс болған мұсылман еместердің балалары пейішке кіре ме, тозаққа кіре ме?
Кішкене күнінде қайтыс болған мұсылман еместердің балалары пейішке кіре ме, тозаққа кіре ме?
6 жыл бұрын 5017

Кішкене күнінде қайтыс болған кәпірлердің балалары пейішке кіре ме, тозаққа кіре ме?

Имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а.) аталмыш мәселеге байланысты: «Олардың пейіште екендіктерін, не болмаса, тозақта екендіктерін білмедім» - деп айтқандығы риуаят етіледі.  

Оның шәкірті Имам Мұхаммед (р.а.) болса: «Менің білетінім: Алла Тағала ешкімді күнәсіз азаптамайды» деген.

Ғұламаның бұл сөзі - мұсылман еместердің де балалары пейіштік екендіктерін мензейді. Имам ән-Нәуәуи (р.а.): «Сарапшы ғалымдардың тоқтамы бойынша, ең дұрысы – осы» деген (яғни, пейіштік екендіктері). 

Кейбір деректерге сүйенсек, олар – пейіштегілердің қызметінде болады екен[1]. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! 


[1] Әбу Муғин ән-Нәсәфи: Бәхруль Кәләм. 177 бет.

Абдусамат Қасым