Кәпір адамды ғайбаттау да күнә ма?
Кәпір адамды ғайбаттау да күнә ма?
9 жыл бұрын 7717

Ассалямуғалейкум! Кәпір адамды ғайбаттау күнә ма? Акимова Малика
Саламатсыздар ма? Мұсылман еместерді ғайбаттап, олар туралы жаман нәрсе айту да күнә ма?  Жанат.

Уағалейкум ассалам уа рахматуллаһи уа бәрәкәтуһ!
Біреуді ғайбаттау Исламда – ауыр күнә. Мейлі ол мұсылман болсын, кәпір болсын, үкім - бір. Өйткені шариғат бойынша мұсылмандармен қоян қолтық өмір сүріп жатқан, олармен достық қарым-қатынаста болған өзге дін иелерінің де ар-намысы, жаны және малы қорғалуы тиіс. Бұл дегеніміз, мұсылманның артынан ғайбат айту харам болса, мұсылман еместің де артынан  ғайбат айту - харам.  Риуаяттарға қарасақ Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір сөзінде: «Кімде-кім, яхуди дініндегі немесе христиан дініндегі адамның (артынан) (оның көңіліне тиетін) сөз естіртіп жүрген болса, онда оған тозақ оты бар»[1],-дей келе, мұсылман еместің де артынан өсек айтып, ғайбаттаудың күнә екендігін айтуда.

Дегенмен, өзгелерді оның жаманшылығынан қорғау мақсатында ашық күнә жасайтын күнәхардың немесе залымның яки дін бұзардың артынан (өтірік емес) сөз айту ғайбат боп саналмайды. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

[1] Ибн Хиббан фи сахихиһи.  

Абдусамат Қасым