Дінімізде ақ қарғаға байланысты қандай да бір наным бар ма? Ақ қарға келді деп құрбан шалу үрдісі бар ма?
Дінімізде ақ қарғаға байланысты қандай да бір наным бар ма? Ақ қарға келді деп құрбан шалу үрдісі бар ма?
4 жыл бұрын 9735

Ассалаумағалейкүм ақ қарға жайлы дініміз не дейді және ақ қарға келді деп құрбандық шалу?Және ауылда құрбандығын канал басына барып қанын суға ағыздыру?

Уағалейкумуссәләм!

Қадірменді сауал жолдаушы, ақ қарға, басқаша айтқанда «альбинос қарғасы» – сирек кездесетін қарға түрі. Дегенмен, оның әлдебір жақсылықтың хабаршысы екендігіне қатысты наным-сенімдер Ислам дінінде кездеспеген. Сондықтан да, мұсылманшылықта ақ қарғаны жақсылыққа немесе жамандыққа балау үрдісі жоқ. 

Ал ақ қарғаны көрген кезде құрбан шалу керек деген нәрсе дінде жоқ, бидғат әрекет. Мұсылмандар қарғаны көргені үшін құрбан шалмайды. Құрбандық қандай мақсаттарда шалынуы мүмкін? Құрбан айтта шалынатын құрбандықтан бөлек, әлдебір апаттан құтқарсын деп Аллаға арнап құрбан шалынуы мүмкін немесе әлдебір қуанышқа орай Құдайға шүкіршілік жасап құрбан шалса болады, яки, әлдебір апаттан аман қалғандығына «тәубе» деп құдайы беріп жатады, оның да ағаттығы жоқ т.б. Бірақ, ақ қарғаны көргені үшін құрбан шалу рәсімі дінде де, қазақи әдет-ғұрыпта да орын алмаған.   

Түйін:

Ақ қарға жақсылықтың, ал қара қарға жамандықтың нышаны деген нанымның негізі жоқ. Екеуі де құдайдың жаратқан мақұлығы. Қарғаны ырымдап құрбандық шалынбайды.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Абдусамат Қасым