Айқыштың (крест) суреті бар киімді киюге бола ма?
Айқыштың (крест) суреті бар киімді киюге бола ма?
20 күн бұрын 1227

Киімде кресттің суреті болса, киуге бола ма?

Христиан дініндегі үштік құдайдың нышаны саналатын, әрі, Иса ғалейһиссәләмның бүкіл адамзаттың күнәсі үшін өзін құрбан еткендігінің нышаны ретінде қаралатын «айқыш» белгісі Исламға қайшы. Айқыш белгісін мұсылман адам тақпайды. Оны әдейі тағуы харам болмақ. Сол себепті, анық айқыштың бейнесі бейнеленген киімді алуға да және ондай киімді киюге де дінімізде рұқсат жоқ (суретті кетіріп киюге болады). Өйткені, ол бөтен діндегілерге еліктеу болып табылады. 

Айша анамыздан риуаят етілген сахих бір хадисте Айша анамыз былай деген:

أنَّ النبيَّ صَلَّى اللهُ عليه وسلَّمَ لَمْ يَكُنْ يَتْرُكُ في بَيْتِهِ شيئًا فيه تَصَالِيبُ إلَّا نَقَضَهُ

«Шынында Алла елшісі үйдегі айқыштың (крестің) суреті бар заттарды қалдырмай, көзін жойған»[1].

Басқа бір хадисте:

مَنْ تَشَبَّهَ بِقَوْمٍ فَهُوَ مِنْهُمْ

«Кім бір қауымға ұқсаса (еліктесе), ол солардан»[2].


[1] Сахих Бұхари: №5952 хадис.
[2] Әбу Дәуід: Сүнән. أي: كَسَرَه وغَيَّرَ صورَته

Абдусамат Қасым