Кірпік жабыстыруға бола ма? Кірпік жабыстырудың дәретке кедергісі бар ма?
Кірпік жабыстыруға бола ма? Кірпік жабыстырудың дәретке кедергісі бар ма?
8 жыл бұрын 61329

Əссалам'алейкүм! Айтыңыз қабыл болсын! Менің сұрайын дегенім, қазіргі кезде жабыстырмалы кірпіктер бар. Дəрет алғандағы су кірпікке де тиюі шарт па? Əлде, тек кəрпіктің астындағы теріге ма? Басқа мəсіх тартқанда шашқа емес, теріге тиюі керек емес пе?  Теріге суды тигізсек, кірпікке жабыстыратын жасанды кірпікті қолданса не болады? Әйгерім.

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құран Кәрімде Алла тағала: «...және беттеріңді жуыңдар», -  деп бұйырады. Осыған орай, дәрет алғанда беттің аумағындағы жуылуы қиынға соқпайтын аймақтарды жуу керек. Кірпік те беттің аумағында орналасқандықтан, оған да судың тиюі ләзім. Әйткенмен, кірпік түбіне, яғни, теріге суды тигізу қиынға соғатындықтан, бетті жуғанда кірпіктің өзін ғана шайып өту жеткілікті саналған[1].

Олай болса, жабыстырылған жасанды кірпік - табиғи кірпігіңіздің жуылуына кедергі келтіреді. Сондықтан да, кірпік жалғауға құмартпаған дұрыс.    

Басқа мәсіх тартуға келер болсақ, өзінің аты айтып тұрғандай мұнда өсіп тұрған шаштың үстінен сипаса болғаны. Құйқаға судың өтуі шарт емес. Бұл – дәретте. Ал, ғұсыл алғанда құр сипап қою жеткіліксіз. Бас терісіне су өтетіндей етіп жуады.


[1] Али әл-Қари: «Фатху Бәбиль Иная» - 1/25 бет.

Абдусамат Қасым