Химиялық шаш бояуларға шариғат не дейді?
Химиялық шаш бояуларға шариғат не дейді?
3 жыл бұрын 2668

Ассаляму ғалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Кешiрерсiздер, тағы бiр сұрак туындап тұр. Химиялы шаш боягыш жайлы шариғат үкімі қандай? Бұл – көптеген дiндар қарындастарыңыздың арасында күн тәртібіне айналған даулы мәселе. Алла сiздерге жеңілдік берсiн! Рәзиева

Уағалейкумуссалам уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Құранда: «Өздеріңді қауіп-қатерге байламаңдар»,[1]– деген. Яғни, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заттарды пайдаланудың дұрыс емес екендігін осы аяттан түсінуге болады.  Ал, химиялық шаш бояғыш заттарды қолдану адам денсаулығына айтарлықтай залал тигізетіні бүгінде дәлелденіп отыр.

Green Chemicals компаниясының ғалымдары тұтынушылардың денсаулығына шаш бояуларының қандай әсері бар екеніне зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, барлық шаш бояуларының құрамында кездесетін "екінші ретті аминдер" деп аталатын химиялық заттар шашқа және бастың терісіне сіңеді. Сөйтіп, уақыт өте келе "екінші ретті аминдер" түтінді газдармен әрекеттесіп, оның нәтижесінде нитрозаминдер деген өте улы химиялық заттар түзіледі. Осы улы органикалық байланыстар канцерогендi әрекетке ие болып, мутагенді қасиеттерді туындатады.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, шаш бояуларын пайдаланатын қыз-келіншектердің 60 пайызынан көбі қатерлі ісік ауруларына шалдығады екен. Сонымен қатар, шаштарын бояйтын көптеген қыз-келіншектер түрлі аллергияға да душар болады деп отыр мамандар[2].

Ендеше, химиялық шаш бояулардың орнына  «Басма»[3], «Қына»  секілді табиғи шаш бояғыштарды тандағандарыңыз дұрыс.

[1] Бақара сүресі – 195 аят.
[2] http://lite.bnews.kz/kk/news/post/4618/
[3] Индиго атты өсімдіктен жасалатын табиғи шаш бояу сұр-жасыл түсті. Басманы қынамен бірге қолдану керек.

Абдусамат Қасым