Ғұсылға байланысты сұрақ (әйелдерге қатысты)
Ғұсылға байланысты сұрақ (әйелдерге қатысты)
6 жыл бұрын 8967

Ассаләмуғалейкум! Сұрақ қойсам. Қатынастан кейін жатырдан шыққан ерінің сұйықтығы ғұсылды бұза ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Қатынастан кейін бөлінген зат ерінікі екендігінде сенімді болса, ғұсылды қайта алудың қажеті жоқ. Ол жөнінен екі ойлы болған әйел кісіге де қайта ғұсылдану қажет емес (яғни, ерінікі ме, өзінікі ме, нақты білінбеген жағдайды). Алған ғұсылы бұзылмайды. Алайда өзінікі екендігі нақты білінген жағдайда, ғұсылын қайта алғаны дұрыс[1]. 


[1] Ибн Ғабидин: Раддуль Мухтар. 1/532 бет.

Абдусамат Қасым