Гинекологқа қаралғаннан соң, ғұсыл құйыну керек пе?
Гинекологқа қаралғаннан соң, ғұсыл құйыну керек пе?
6 жыл бұрын 10850

Ас саламуалейкум! Әйел кісілер гинекологқа тексерілген кезде дәрет мәселесі қалай болады? Ғұсыл алу керек пе, әлде дәрет жеткілікті ме?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Гинекологқа тексерілу – ғұсыл бұзатын жағдайларға жатпайды. Сол себепті, тексерілгеннен кейін арнайы ғұсыл құйынудың қажеті жоқ. Намаз уақыты келгенде дәрет жаңартсаңыз болғаны. 

Абдусамат Қасым