Facebook парақшасына қыз баласы өзінің суретін қоюына бола ма?
Facebook парақшасына қыз баласы өзінің суретін қоюына бола ма?
3 жыл бұрын 5364

Өзімнің суретімді интернеттегі жеке парақшаларыма қоюыма бола ма? Не себепті бәрі айтады қыз баласына сурет қоюға болмайды деп? Қандай дәлелдер бар? Ғайни Б.

Сәлеметсіз бе!

Құрметті Ғайни Б., бұл сұрағыңыздан бір дегенде мынадай ой келеді адам баласына: «Шариғатта бөгде еркектердің алдында көрінбеуі тиіс жерлер жабылып[1], шариғатқа сай киініп түскен болса, ол суретін интернет парақшасына қоюы күнә болмас».

Дегенмен,  әйел баласының өзінің әсемдігін баршаға әйгілемей, барынша көрсетпей ұстауы   тақуалыққа жақын екенін ұмытпаған жөн. Ең дұрысы – Аллаға мәлім.

[1]Нұр сүресі - 31 аят

Абдусамат Қасым