Әйелдерге хайыз күндері Құраннан басқа діни кітаптарды оқуға бола ма?
Әйелдерге хайыз күндері Құраннан басқа діни кітаптарды оқуға бола ма?
9 жыл бұрын 26346

Әссәләмуғалейкум! Хайыз күндері діни кітап оқуға бола ма? Мысалы, «Ислам ғылымхалы» деген кітапты. Ішінде сүрелер бар. Екінші сүрағым: Хайыз күндері телефоннан сүре жаттаса бола ма?

Айсәуле Биғалиева

Уағалейкум әссәләм! Ғалымдарымыз Құран кітабы мен тәпсір кітаптарынан өзге діни кітаптарды хайыз кезінде оқудың күнәсі жоқ деген[1]
«Ислам ғылымхалы» - көбіне ғибадатқа қатысты үкімдерді қамтығандықтан «фиқһ» кітабы ретінде есептеледі, Құран кітабы емес[2]. Сол себепті ондағы фиқһи үкімдерді оқып-білудің еш күнәсі жоқ[3]. Тек, ішіндегі кездескен аяттарды оқымай аттап өтесіз. Хадистерді оқысаңыз болады.

Екінші сұрағыңызға келер болсақ, телефондағы немесе планшеттегі Құранның электрон нұсқасын да хайыз кезінде оқуға болмайды. Тіпті, жадыңыздағы Құран сүрелерін оқудың өзі дұрыс емес. Бірақ, кейбір дұға аяттарын дұға мақсатында оқудың күнәсі жоқ[4].   


[1] Ибн Ғабидин, Раддул Мухтар -1/589 бет.
[2] Пайғамбарымыз хайызы келген әйелді Құран оқудан және оны ұстаудан тыйды. (Дәрими.; Ибн Мәжә риуаят еткен – 595,596).
[3] Осыған қатысты мына мәселені де оқып көргеніңіз дұрыс: http://www.islam.kz/kk/questions/aielge-qatysty/haiyz-kezinde-surelerdi-jattai-beruge-bola-ma-437/#gsc.tab=0  
[4] Телефондағы Құран Кәрімнің электрон нұсқасы жайында қосымша мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз: http://islam.kz/kk/questions/qulshylyq/daret-gusyl/uyaly-telefondagy-qurandy-daretsiz-oquga-bolady-ma-456/#gsc.tab=0 

Абдусамат Қасым