Әйел кісілердің сәждеде аяқ ұштары қалай тұру керек?
Әйел кісілердің сәждеде аяқ ұштары қалай тұру керек?
14 күн бұрын 2330

Ассалаумағалейкүм! Әйел кісілердің сәждеде аяқ ұштары қалай тұру керек? Мүмкін болса, фото немесе ссылка жіберіңізші түсінікті болуы үшін! АЛЛАҺ разы болсын! Сәуле

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ескі Ханафи фиқһ кітаптарында: «әйел адам екі аяғының саусақтарын жерге тіремейді» делінген[1]. Яғни, әйел кісілер сәждеге барғандарында ер кісілерше өкшелерін көтеріп аяқ ұштарын құбылаға қарата жер тіремей, аяқтарының сыртын жерге тигізіп қояды (суреттегідей). Немесе «аттахият» отырысына ыңғайлап, аяқ ұштарын оң жағына келтіре бұрып қояды.

Дегенмен, сәждеде аяқ ұштарын жерге тіреп оқығандардың да намазын дұрыс емес деуге болмайды. Олай да оқылған намаз дұрыс. Бірақ, абзалы – сәждеге жасағанда жоғарыдағы үлгіге сәйкес аяқты қойған жөн.

Еске сала кетсек, әйел кісілердің аталмыш мәселеден өзге де сәждеде өзіндік айырмашылықтары бар. Атап айтсақ: сәжде жасағанда іштерін сандарына тиетіндей жақын ұстайды, қолтықтарын ашпай қысып ұстайды және білектерін жерге төсейді.

Алла жасаған құлшылықтарымызды қабыл еткей!


[1] Ибн Нүжейм: әл-Бахрур Раиқ. 1/561 бет.

Абдусамат Қасым