Әйел адамға таксиге жалғыз өзі отыруына бола ма?
Әйел адамға таксиге жалғыз өзі отыруына бола ма?
8 жыл бұрын 7481

- Әйел адамға таксиге жалғыз өзі отыруына бола ма?

- Фиқһтағы жазылған үкімдер мен ережелер негізінде айтар болсақ, әйел баласына бөгде шопырмен бір автокөлікте жалғыз отыруына болмайды. Бірақ, қазіргі таңда бұған байланысты үкімді «қала ішіне жүретін такси» және «қала сыртына жүретін такси» деп екіге бөліп қарастырған жөн. Қала ішінде жүретін такси қызметін пайдаланбау – бүгінде мүмкін емес. Өйткені, такси қызметінің күнделікті жүріс-тұрысымыздағы зәрулігі айтпаса да белгілі. Сондықтан да, шопыры бөгде еркек болса-дағы, қала ішінде жүретін таксиге әйел кісінің жалғыз отыруында шариғи тұрғыда ешқандай кедергі жоқ деген пікірдемін.

Ал, қала сыртына жүретін таксилерге әйел адамы тек өзге жолаушылар болған жағдайда ғана отырғаны дұрыс (немесе жанында жақын адамы болған жағдайда ғана). Жалғыз өзіне отыруына болмайды.

 Шейх Мұстафа Зарқа р.а. (1907-1999 ж.)

(«Фәтәуә» атты кітабынан аударып, дайындаған: А.Қасым)