Әйел адамдардың иыққа дейін шаштарын қысқартулары күнә ма?
Әйел адамдардың иыққа дейін шаштарын қысқартулары күнә ма?
5 ай бұрын 4289

Ассаляму Алейкум Уа Рахматуллахи Уа Баракатух! Шашты айел адамдарға иықтан сәл түсетін ұзындықта қиюға бола ма? Және о дүниеде сұрақ-жауапқа барғанда әйел адам төсін шашымен жабады, сол үшін өсіру керек деген қаншалықты рас. Алла разы болсын!!! Алдын ала рахмет!!! Зейнегүл Берікқызы

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

«Сахих Мүслім» атты хадистер жинағында орын алған риуаяттардың бірінде Айша анамыздың сүт бауыры Әбу Сәләма былай деген:

 «وَكَانَ أَزْوَاجُ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَأْخُذْنَ مِنْ رُءُوسِهِنَّ حَتَّى تَكُونَ كَالْوَفْرَةِ»

«Пайғамбарымыздың жұбайлары шаштарын иықтарына келетіндей (не құлақ ұштарына жететіндей) етіп, қысқартатын»[1].

Осы хадистегі «уафра (الْوَفْرَة)» сөзін хадисшілер: иыққа дейін қысқарту немесе құлақ ұшына (сырғалық) жететіндей көлемде қысқарту деп түсіндірген.

Ол сөзге Имам Суюти былай деп түсіндірме берген: «Уәфра дегеніміз, құлаққа дейін жететін және одан аспайтын шаш»[2].

Демек, аталмыш хадистен мынадай қорытындыға келуге болады:

  1. Мұсылман әйелдерге шаштарын қысқартуларына болады 
  2. Шаштарын иыққа дейін немесе ең көп құлақ ұшына жететіндей етіп қысқартуларына рұқсат.
  3. Шаштарын ер кісілерге ұқсатып, тым қысқа алуларына болмайды.
  4. Әйел кісілердің шаштарын себепсіз тықырлап тастаулары харам. 

Ал "о дүниеде шаштарымен жабады" деген риуаят деректерде кездеспеген. 


[1] Сахих Мүслім. №320 хадис.
[2] Шарху ас-Суюти: №320 хадис.

Абдусамат Қасым