Мүйізі жоқ мүйізтұмсық көрдіңіз бе?
9 жыл бұрын 4164

Мүйізтұмсықтар ірі шөпқоректілердің бір өкілі. Бүкіл Дүниежүзі бойынша мүйізтұмсықтың бес түрі қалған. Африканың жабайы табиғатында екі түрлі: 4000-ға жуық қара мүйізтұмсық, 14500 ақ мүйізтұмсық өмір сүреді. Мүйізтұмсықтың мүйізіне деген сұраныстың артуына байланысты браконерлік шабуылдар жиілей бастаған. Браконерлер мүйізтұмсықты өлітіріп, содан соң мүйізін кесіп әкетеді. Бұл жерде басты мақсатымыз адамдардың осы бір қатыгездігін көрсету еді.

Мүйізтұмсықтың мүйізіне деген сұраныс Азия елдерінен келіп жатады. Әсіресе Тайван елінде аталған тауарға сұраныс жоғары.

Африкада мүйізтұмсықтардың саны 2012 жылы 668-ге азайса, 2013 жылы 1004 мүйізтұмсықтың көзі жойылған. Яғни, бұл дегеніміз браконерлер тәулігіне 3 мүйізтұмсықтан өлтіреді деген сөз.   

0 пікір