Америкалықтардың 1969 жылғы айға сапарының рас-өтірігі жайында әлі де дау көп. Біреулер өтірікке баласа, енді біреулер бұған имандай сенеді. Соңғы сауалнамаларға сенсек, америкалықтардың 20 пайызы Айға әлі ешкімнің аяғы тимегендігіне сенеді екен. Кейбір ғалымдардың айтуынша, бұл Американың ғарыш бәсекелесі Ресейге қарсы ойлап тапқан өтірігі-міс. Сол үшін кейбір адамдар мұның жалған екенін дәлелдеуге тырысып, түрлі айғақтар тартқан. Соның ішінен іріктеп сіздерге америкалықтардың айға ұшпағандығын дәлелдейтін он айғақ келтіріп отырмыз. Бұған сену-сенбеу, әрине, әркімнің өз еркінде.