"Ұлық болса, кішік бол": әлемге әйгілі футболшы дәретхана жуудан арланбады (видео)
"Ұлық болса, кішік бол": әлемге әйгілі футболшы дәретхана жуудан арланбады (видео)
6 жыл бұрын 3556 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Англияның «Ливерпуль» футбол клубының жартылай қорғаушысы Садио Мане кезекті ойыннан соң жергілікті әл-Рақым мешітіне барып, дәретхана тазалау жұмыстарына қолғабыс еткен. Оның бұл әрекетін куәгерлер таспаға тартып алып, The Sportsman ақпарат көзі Twitter әлеуметтік желісінде жариялапты. Әлемге әйгілі спортшының Алланың разылығын көздеген бұл әрекеті жанкүйерлеріне ғибрат болмақ. Англия чемпионатының төрт матчында 26 жастағы сенегалдық форвард 4 гол соғып үлгерген. Футболшының жалақысы жылына 5,3 млн еуро. Ал ойыншының тансферлік құны - шамамен €70 млн.



0 пікір
Мұрағат