Катардағы әлем чемпионатына дайындық барысында 6,5 мың еңбек мигранты қаза тапқан
Катардағы әлем чемпионатына дайындық барысында 6,5 мың еңбек мигранты қаза тапқан
3 жыл бұрын 1450 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

2022 жылы Катарда өтуі тиіс футболдан әлем чемпионатына аталған ел аумағында дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Әсіресе, спорттық нысандар мен инфрақұрылым құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Осы дайындық барысында шетелден нәпақа іздеп келген еңбек мигранттары да өз үлесін қосып жатыр. Алайда, чемпионатты тамашалау үшін келетін шетелдік меймандар мен туристерге арнап соғылып жатқан қонақ үйлер, жол, стандион, әуежай, т.б. нысандар құрылысы кезінде 6,5 мыңнан аса еңбек мигранты жазатайым оқиғаның құрбаны болған. Мұның себептері көп: еңбек қауіпсіздік техникасын сақтамау, биіктен құлап өлу, электр тогынан, т.б. көз жұмғандардан гөрі аптап ыстықтан қаза тапқандар қарасы көп. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ақпарат көзі бұл деректі Катардағы жалданып жүрген азаматтары көп бес елдің елшілігінен алған екен. Аталған араб елінде қаза тапқан еңбек мигранттарының арасында үнділердің қарасы көп болып шықты – 2,7 мың адам; одан кейінгі орында Непал азаматтары – 1,6 мың; Бангладеш – 1 мың; Пәкістан – 800; Шри-Ланка – 550-ден асады. Бұл айтылғандар арасында Кения, Филиппин және өзге де елдердің еңбек мигранттары кірген жоқ. 2019 жылы Катарда еңбек етіп жүрген мигранттардың дені аптап ыстықтан опат болған.

0 пікір
Мұрағат