Жыл ойыншысы - мұсылман жігіті (фото)
Жыл ойыншысы - мұсылман жігіті (фото)
6 жыл бұрын 6013 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысырлық футболшы, ағылшындардың «Ливерпуль» клубының ала доп шебері Мұхаммед Салақ  туралы кезінде, естіріңізде болса, хабар таратқан болатынбыз. Жанкүйерлерінің жаппай хақ жолға түсуіне өнерімен тәнті етіп,  себепкер болған спортшы туралы жағымды жаңалық тек жанкүйерлерін ғана емес, сонымен қатар, мұсылман қауымын да бір қуантып тастады. Тарқатып айтқанда, Кәсіби футбол қауымдастығы Мұхаммед салақты жылдың ең үздік ойыншысы ретінде мойындады. Мұхаммед Салақтың арқасында ағылшындардың аталмыш футбол клубы табаны күректей 10 жыл ішінде алғаш рет чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты. Бұл атақ футболшының алғашқысы емес. Өткен жылы Мысыр құрамасында жүріп, өткен жылы Африка құрлығының ең саңлақ футболшысы атанды. Ол жас кезінен әлем чемпионатында өнер көрсетіп, 2011 жылы өткен жастар командалары арасындағы әлем чемпионатында және 2012 жылы жазғы олимпиада ойындарында өнер көрсетті. 2013 жылы ол жасыл алаңдағы ойын өрнегі үшін швейцариялық Суперлиганың жүлдесіне ие болды. Есімі қасиетті Мекке шаһарының құрметіне орай қойылған қызына ислами тәрбие беріп жүр. 

ФÑÑболиÑÑом года ÑÑал мÑÑÑлÑманин

 

0 пікір
Мұрағат