Иран спортшысы олимапиадалық алтын медалін имам Реза мешітіне тарту етті (фото)
|
Ирандық палуан Хасан Йаздани Шариати осы жылы олимапиадада ұтып алған алтын медалін имам Реза мешітіне тарту етті. Бұл жайында "Шиизм.ру" ақпарат көзі хабар таратты. Естеріңізге сала кетейік, 21 жастағы палуан 2014 жылы жастар арасындағы әлемдік чемпионатта да, 2015 жылғы әлем кубогында да алтын медалды қанжығасына байлаған саңлақ спортшы. Әлі дүбірі басыла қоймаған Рио қаласындағы олимпиада да айқын жеңіске жеткен болатын: 6:0 есебімен қарсыласын жер қаптырды. Айта кетейік, Мешһед қаласындағы имам Реза атындағы мешіт шииттік мұсылмандар қастер тұтатын орындардың бірі. Оның бірегей сәулетіне бола жылына 20 млн адамға дейін тамашалап кетеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды