Футбол чемпионаты тарихында тұңғыш рет
Футбол чемпионаты тарихында тұңғыш рет
6 жыл бұрын 3051 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Келесі жылы, яғни, 2018 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатында нәсілдік кемсітушілікке жол берілген кезде матчты үзуге немесе тоқтатуға рұқсат берілді. Бұл жайында ФИФА президенті Джанни Инфантино мәлім етті. Оның айтуынша, ойын алаңында нәсілдік кемсітушілік орын алған жағдайда, мәселен, қарсыласына ашумен оның ұлтына, шыққан тегіне тіл тигізген жағдайда төреші ойынды үзуге немесе тоқтатуға құқылы болады. Естеріңізге сала кетейік, футболдан әлем чемпионаты келесі жылы Ресей Федерациясының 11 қаласында маусым айының 14-нен шілде айының 15-не дейін өтеді. 

0 пікір
Мұрағат