Ауғанстан тұңғыш рет қысқы олимпиадаға қатысады
Ауғанстан тұңғыш рет қысқы олимпиадаға қатысады
6 жыл бұрын 2195 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Алдағы қысқа олимпиада ойындарына Ауған спортшылары тұңғыш рет қатысатын болды. Олимпиада-2018 Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ақпан айының 9-25 күндері аралығында өтеді. Ауғанстан Олимпиада комитетінің өкілі хабарлағандай, тау шыңғысы бойынша Саид Әлішаһ Фарфанг пен Сайад Хұсейн бақ сынайды. Ауғандықтардың әлемді елеңдететін қыстық дүбірлі додаға қатысуы туралы келісімге Ауғанстан Олимпиада комитетінің жетекшісі Зәкір Әкбар мен Оңтүстік Корея Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Ким Ун Ен қол қойды. Айта кетейік, Ауғанстан спортшылары Олимпиада ойындарына 13 рет қатысқан болатын. Алайда, олардың бәрі жаздық Олимпиада ойындары еді. Жалпы есепте ауғандықтар екі қола медал жеңіп алған болатын. Екеуін де тхэквондист Рохулла Никлай 2008 және 2012 жылдары алып берген еді.

0 пікір
Мұрағат