Әлем чемпионатындағы үздік гол анықталды (видео)
Әлем чемпионатындағы үздік гол анықталды (видео)
6 жыл бұрын 2573 tengrinews.kz

Франция құрамасының қорғаушысы Бенжамен Павардың Аргентинамен 1/8 кезеңдегі матчта (4:3) соққан голы биыл Ресейде өткен әлем чемпионатында үздік деп танылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңімпаз жанкүйерлердің онлайн түрде дауыс беруі арқылы анықталды. 18 үміткер болды.

"Доп көгалда зытқи түсті, - деп еске алды Павар. - Ойлануға уақыт болған жоқ, доп қақпадан жоғары кетіп қалмауы үшін, туралауға тырыстым. Ол ұшып келген бойда, сол бағытқа тебуге барымды салдым. Қорғаушылар маған әрдайым солай түсіндіретін. Мұның барлығы автоматты түрде болды, қақпаға түскенін көргенде... Мен өте бақытты болдым".

Екінші орында колумбиялық жартылай қорғаушы Хуан Кинтероның голы. Ол кезде Жапониямен болған ойын 1:2 есебімен аяқталды. Үшінші орында Хорватия құрамасының капитаны Лука Модричтың голы. Аргентинамен өткен кездесуде есеп 3:0 болды.

Айта кетейік, Павар - әлем чемпионатындаең үздік гол соққан еуропалық тұңғыш ойыншы.

Еске сала кетейік, биыл Ресейде өткен әлем чемпионатында Франция құрамасы жеңімпаз атанды.

0 пікір
Мұрағат